Меню KDT

logo.png?_=1494395527

Нұр-Султан қаласы
№3 мектеп-гимназиясы


Тел. +7(7172)501695, +7(7172)501696

  







 







Антикорлайф жобасы аясында 3 мектеп- гимназия мен 46 мектеп - гимназиясының бірігіп ұйымдастыруымен " жоғарғы сынып оқушылары арасында Жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Іс - шара барысында оқушылар жемқорлық , онымен күресудегі өз ойларымен бөлісті: 
Instagram
Instagram     

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.
Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
«Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда», – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді.
Ақынның бел шешіп жазу ісімен айналысқан кездері қазақ халқының тарихында өте бір ауыр жылдар еді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамыған елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгінгі жастарға оқу міндет, бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ой тастап:
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?», – деп жазды.
Ақынды толғандырған мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті».
Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

  Ресми сайт: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  
  Закон РК "О противодействии коруппции" Көшіріп алу
  Жалпыұлттық біріңғай "Адалдық сағаты" Көшіріп алу
  Қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 2019 жылғы 19 тамыздағы бұйрық Көшіріп алу
 2019 жылғы 2 қыкүйектегі №244 бұйрығы "Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу турылы"  Көшіріп алу
 
2020 жылғы 23 қаңтардағы №4 бұйрығы "Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу турылы" Көшіріп алу
2018 жылғы 28 тамыздағы №479 бұйрығы Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу турылы Көшіріп алу
159 спецификасы бойынша барлық мектептерге бюджеттен бөлінеді Көшіріп алу
149 спецификасы бойынша барлық мектептерге бюджеттен бөлінеді Көшіріп алу

Адалдық сағаты
 
ведите текст

Директор блогы

 
         Қабылдауға жазылу


ДАМУ

Сенім телефоны



Самғау



Пара беру

Сенім телефоны



КӨЛІКТІК КАРТА



Послание президента

Білім басқармасы

Сабақ кестесі

Choose Colour