Меню KDT

logo.png?_=1494395527

школа-гимназия №3 города Нур-Султан


Тел. +7(7172)501695, +7(7172)501696

КВИ-ге қарсы ревакцинация алу туралы

КВИ-ге қарсы ревакцинация алу туралы

    


Қазақстан Республикасында

халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына

қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы»

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері

міндетін атқарушысының

2021 жылғы 15 қарашадағы № 49 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасында халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушысының 2021 жылғы 15 қарашадағы № 49 қаулысына (бұдан әрі – БМСД-ның № 49 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • БМСД-ның № 46 қаулысының 1-4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.

  1. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі.
  2. Бұрын КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізіледі.
  3. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.

4-1. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады.

4-2. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге жол беріледі.»;

2) БМСД-ның № 46 қаулысының 6-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) растайтын құжаттарды ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ХТТ «Вакцинациялау» модуліне шет елдерде КВИ-ге қарсы ревакцинация алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы ревакцинация туралы мәліметтерін енгізуді қамтамасыз етсін».

3) БМСД-ның № 46 қаулысының 7-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) шетелде КВИ-ге қарсы ревакцинация (III доза) алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы ревакцинация туралы деректерді енгізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ХТТ «Вакцинациялау» модуліне медициналық ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етсін.»;

4) БМСД-ның № 46 қаулысының 7-тармағынан кейін мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне өңірлер бөлінісінде КВИ-ге қарсы ревакцинация жүргізу туралы жиынтық ақпаратты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес күн сайын келесі күнгі сағат 7.00-ге дейін ұсынуды қамтамасыз етсін.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                              Е. Қиясов

 


Комментариев нет
198 просмотров
Категория:
Автор: 3mektep
Добавлено: 20.01.2022 в 11:47

Блог директора

 
     запись на прием



ДАМУ

Телефон доверия


Самғау


Дача взятки/ Жемқорлыққа жол жоқ

Телефон доверия


ТРАНСПОРТНАЯ КАРТА

Послание президента

Управление образования

Расписание уроков

Choose Colour