2021 жылғы желтоқсанның 24-і күні Нұр-Сұлтан қаласының №3 мектеп-гимназиясында Білімді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйрену дағдылары арқылы функционалдық сауттылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбына қалалық семинар өткізілді
Семинар мақсаты: оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілді үйренудің функционалды-коммуникативті тәсілдерін тиімді қолдануда мұғалімдердің іс-тәжірибесін жетілдіру және тарату.
Аталмыш іс-шараға қала мектептерінің 68 педагогі қатысты. Семинарды мектеп директоры К.К.Елеубаева салтанатты түрде ашып, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Маманова Ж.С. «Функционалдық сауаттылық – тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбына іс-шараның теориялық бөлімін жүргізді. Семинардың тәжірибелік бөлімінде мұғалімдер ашық сабақтарын көрсетті. Іс-шара аясында екі сабақ бастауыш сыныптарда, екі сабақ орта буында және екі сабақ жоғары сыныптарда өткізілді. Бастауыш сыныптаоына Султанова А.С., Сеилбаева Р.К., Орта буынға »-сыныбында Рыскулова Ж.С., Алпысбекова Г.А., Жоғары буынға Тагиманова К.С., Оспанова Г.Е. сабақтар өткізді. Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар өздерінің оң пікірлерін білдіріп, іс-шараны ұйымдастырған Білім беруді жаңғырту орталығына, №3 мектеп-гимназия әкімшілігіне, ашық сабақтар арқылы тәжірибе бөліскен мұғалімдерге алғыстарын білдірді.